"Балапан" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Т.Е. Абдиева ауданның мәдениет үйінде өткен "Білімді ұлт терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында дәстүрге айналған білім қызметкерлерінің " Тамыз" кеңесінде 2021-2022 жыл қорытындысы бойынша тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі мен педагог мәртебесін арттырудағы шығармашылық ізденісі үшін ақшалай сертификат ұсынылды.
Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай "Балапан"бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері арасында "Қолөнер-ұлттық қазына"тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Әр топ тәрбиешісі өз қолымен жасаған қолөнерін қорғады. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын!
"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 30жыл" мерей тойына орай ауданымыздың дамуына қосқан қомақты үлесі жәнеде ел игілігі жолында атқарып жатқан абыройлы істері үшін "Балапан"бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Б. М.Құрманбаева аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "30- жыл 30-жетістік!" атты бейнежурнал байқауында "Балапан"бөбекжай-бақшасы ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.