" Балапан" бөбекжай-бақшасында жоспарға сай "Бүлдіршін" тобының  16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік күні" атты ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті өткізілді.

Мақсаты: Отан туралы, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту. Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру. Балаларды елін, жерін сүйюге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.

"Балапан" бөбекжай-бақшасында жоспарға сай "Қарлығаш", "Бүлдіршін", " Ботакан" топтар арасында "Алтын күз" атты көрмесі өткізілді. Бұл көрмеге бүлдіршіндер мен ата -аналар бірлесе жасаған әр- түрлі сюжеттерге арналған бұйымдары ұсынылды.

"Балапан" бөбекжай- бақшасында жоспарға сай "Ботақан" тобының "Берекелді алтын күз" атты  ертеңгілік өткізілді.

Балалар өз өнерін көрсетіп, ата-аналармен  бірлесіп жасаған қол өнерлерін көрмеге қойды.

Мақсаты: Мерекелік көңіл күй орнату. Балаларға күз мезгілі туралы  мағлұмат беріп, табиғатты қорғауға, аялауға, сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Балаларды сахна мәдениетіне баулу.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс- әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.

"Балапан" бөбекжай-бақшасының жоспарына сай "Қарлығаш" ересек тобында "Алтын күз" атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мақсаты:

Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту,күзгі табиғаттың ерекшеліктерімен таныстыру, күздің негізгі белгілерін атап, көкөніс және жеміс-жидектерді ажырата білуге үйрету,  шығармашылық қабілетттерін дамыту, табиғатты қорғауға және сүйюге тәрбиелеу.

"Балапан" бөбекжай-бакшасының жоспарына сай "25-қазан Республика күнi" атты мерекелiк ic-шара жургiзiлдi.Максаты: Балаларды өз отанын сүюге, мемлекеттiк рәмiздерiн кұрметтеуге, патриоттык сезiмдерiн ояту.

"Балапан" бөбекжай-бақшасында 1-қыркүйек Білім күніне арналған "Білімнің бастауы балабақша" атты тақырыпта ертеңгілік өткізілді. "Қарлығаш", "Бүлдіршін" топтары қатысып қыздарымыз шығыс,қамажай, көбелектер биін билеп өнерлерін көрсетсе, ұлдарымыз ертеңгілікке келген қонағымыз жалқаубекке ұқыптылықты үйретіп,бірге қызықты ойын ойнап, тәртіпті болуға шақырды.

Zaveduyuschij

Курманбаева Булбул Муратовна
Меңгеруші блогы

Тәрбиешілер туралы мәлімет

Дауыс береміз!

Сайтымызды бағалаңыз!